Бүгінгі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысында 1 млн 69,6 мың гектар жерден дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Бұл жалпы егіс алқабының 35,3%-ын құрайды. 1,7 млн тонна бидайды бастырылды. Орташа өнімділік гектарынан 15,9 центнерді құрап отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Сонымен қатар диқандар  майлы дақылдарды да жинап жатыр. Қазіргі уақытта 40,3 мың гектар алқап орылды, әр гектардан орта есеппен 10,4 центнер өнім алынуда.

Облыста  орақ науқанына жеті мың астық жинайтын комбайн, 12,3 мың трактор , сондай-ақ 5,6 мың жүк көлігі жұмылдырылған.

«Күзгі дала жұмыстарына 68,6 мың тонна, астықты кептіруге 14,1 мың тонна дизель отыны бөлінді.  Жалпы астық сақтау сыйымдылығы жеті млн тоннаға жетеді. Оның ішінде 45 астық қабылдау кәсіпорнында – 3,2 млн тонна, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде – 3,8 млн тонна. Жаңа егіннен астық қабылдау кәсіпорындарына 387,5 мың тонна астық жеткізілді»,-деп хабарлады облыстық ауылшаруашылығы басқармасы.

Тағы оқыңыз: Петропавлда үлгілі отбасылар арасында сайыс өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *