Көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының мамандары өлім аузында болған тұрғынды құтқарды. Науқас жеті күнін жансақтау бөлімінде өткізген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ауруханаға ауыр халде 30 жастағы ер адам түсті. Ол жол-көлік оқиғасына түскен. Азамат бірден жансақтау бөліміне жеткізілді. УД тексеруінен кейін іш қуысында артық сұйықтықтың бар екені анықталды.

Жол-көлік оқиғасынан кейін оның жамбас сүйегі сынған, бауыры жыртылған, ішіне қан кеткен. Сонымен қатар, ол жарақаттан кейін қатты шошынып қалған. Ота бірнеше сағатқа созылды. Дәрігерлер ер адамды аман алып қалу үшін күрес жүргізді.

Азамат жеті күні бойы жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болды. Жағдайы тұрақталғаннан кейін ол травматология бөліміне ауыстырылды. Онда сынған сүйекті қалпына келтіруге және темір таяқшаны орнату үшін ота жасалды.

Дәрігерлердің арқасында пациенттің жағдайы тұрақталды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да соңғы жылдары ауылдық елді мекендерде 46 медициналық пункт ашылған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *