Солтүстікқазақстандық белсенді жастардың басы бір жерде тоғысты. Петропавлда “Таза Қазақстан” акциясы аясында кезекті экологиялық шара өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ауқымды бастамаға облыстың түкпір-түкпірінен келген 500-ден астам қыз-жігіт қатысты. Олар ең алдымен Тұңғыш Президент саябағын күл-қоқыстан тазартты.

Қолдарына тырма ұстаған жастар шөп, жапырақ пен бұталарды жинап, қаптарды толтырды. “Таза Қазақстан” жай ғана атау емес. Бұл — елдегі экологиялық мәселелерді шешуге арналған кешенді бағдарлама.

Тазалық шараларының арқасында жастар жаңа таныстық та орнатады. Қаладағы, аудандағы қыз-жігіттердің бірлігі артады.

Солтүстікқазақстандық белсенді жастар Петропавлда өткен “Таза Қазақстан” акциясына қатысты
Солтүстікқазақстандық белсенді жастар Петропавлда өткен “Таза Қазақстан” акциясына қатысты

“Таза Қазақстан” акциясына немқұрайлы қарауға болмайды. Қоңыр күздің алдында сүйікті қаламызды көрікті етейік! Шараға барлық ауданның жастарын шақырдық. Сөзімізге жерге тастамаған қатарластарымызға алғысымыз шексіз. Белсенді жастардың басын жиі қосып, жаңа бастамаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, деді Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.

Экоакция спорттық және викториналық ойындармен жалғасын тапты. Жастар тазалыққа шақыру мақсатында түсіндіру кездесуі де өткізілді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да «Мектепке жол» акциясы аясында алты мыңнан астам оқушы көмек алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *