Солтүстікқазақстандық 30 жігіт әскерге аттанды

Бүгін солтүстікқазақстандық 30 жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Олар әскери қызметті Қонаев қаласындағы десантшыларды дайындайтын әскери бөлімде атқаратын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қаз қатар тізілген бұл жігіттер өңірден әскерге аттанғалы отырған сарбаздардың екінші легі. Оларды шығарып салуға ата-аналары, туған-туысқандары мен достары, сондай-ақ ҚР ҚК ардагерлері келген.

Солтүстікқазақстандық 30 жігіт әскерге аттанды

«Биыл көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде өңірден 480 жас әскер қатарына шақыртылады. Олардың алғашқы легі наурыз айының басында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне шақыртылған болатын. Бүгін тағы 30 бозбала Қонаев қаласындағы десанттық-шабуылдау әскери бөліміне аттанады. Жас сарбаздар, сіздерге сәттілік тілеймін. Отан алдындағы борыштарыңызды абыроймен атқарып, үйге аман-есен оралуларыңызға тілектеспін», — деді СҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Марат Каримов.

Әскерге аттанғалы отырған жастардың бірі – Дияр Кәрімжан. 19 жастағы жігіт колледжді аяқтаған соң, бірден Отан алдындағы борышын өтеуге ниет білдірген.  

Солтүстікқазақстандық 30 жігіт әскерге аттанды

«Мен Көкшетау қаласында колледжді аяқтап, бірден Тайынша ауданындағы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бардым. Кішкентай кезімнен десаншыларға қызығатынмын. Олардың даярлығы, шапшаңдығы ұнайды. Өзім де спортқа жақынмын. Сондықтан дене шынықтыру және спорт факультетін бітірдім. Бұл маған әскери өмірде көмегін тигізеді деп ойлаймын», — дейді Дияр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да құс фабрикасында қырылған тауықтарды жұмысшылар қарға көміп кеткен

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x