Samruk-Kazyna Trust қорының қолдауымен «Туған елге саяхат» әлеуметтік жобасы бастау алды. Оның аясында СҚО-ның 30 баласы саяхатқа аттанады. Жасөспірімдер 12 күн ішінде Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан, Байқоңыр қалаларындағы танымал мәдени-тарихи орындарды араламақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ұйымдастырушылар биыл су тасқыны болған өңірлерге басымдық берген. Сондай-ақ, көпбалалы және тұрмысы төмен, толық емес отбасылардағы балалар қамтылды. Жол бойы мектеп оқушыларымен тәлімгерлер мен педагогтар жұмыс істейді. Қызығушылықтары бойынша үйірмелер, зияткерлік және спорттық ойындар ұйымдастырылады. Әлеуметтік жоба екі маусымда өтпек. Әр кезеңде 10-15 жас аралығындағы ел бойынша 200-ден астам бала қамтылады.

Тағы оқыңыз:СҚО-да жыл басынан бері 300-ден астам тұтынушының құқығы бұзылған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x