Солтүстікқазақстандық әнші «Жас қанат» байқауының дипломанты атанды

Солтүстікқазақстандық әнші Нариман Жолдасбек «Жас қанат» республикалық әншілер байқауына қатысып, дипломант атанды. Жерлесіміз сайыста халық әні «Екі жиренді», «Қазағым-ай», «Небо на ладони» сынды туындыларды орындаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мамырдың 22-сі мен маусымның 5-і аралығында Алматы қаласында «Жас қанат» байқауы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар қатысқан. Республикалық сайыста өңір намысын талантты әнші Нариман Жолдасбек қорғады. Конкурстың іріктеу кезеңі онлайн режимде, ал финал дәстүрлі форматта өткен.

«Байқау 15 күнге созылды. Демалысқа уақыт болмады. Сағат таңғы 9-дан түске дейін оркестрмен дайындық, кейін 14:00-ден кешкі 6-ға дейін түсірілімдер өтті. Әртүрлі локацияларға шықты. Оның ішінде Медеу, Көктөбе, Абай театры, Арбат, Президент және панфиловшылар саябағы бар. Сайыстан жақсы әсер алып қайттым. Жаңа адамдармен танысып, елімізге белгілі әншілердің бағасын алу мен үшін өте маңызды», — дейді Нариман Жолдасбек.

Әншілердің өнерін 11 адамнан тұратын қазылар алқасы бағалаған. Қойылатын жоғары ұпай – 10. Солтүстікқазақстандық талант иесі бірінші турда 110 балдың 101-іне ие болған. Екінші кезеңде 105 ұпай жинаған. Осылайша, конкурстың финалында өнер көрсеткен 20 қатысушының ішінен суырылып шығып, супер финалға өткен.

«Ақтық кезеңге 8 өнерпаз шықтық. Әрине, оңай болмады. Жалпы, мұндай конкурсқа алғаш рет қатысып тұрған жоқпын. Дегенмен, биылғы «Жас қанат» байқауы алдындағылардан әлдеқайда жоғары деңгейде өтті. Осымен тоқтап қалмаймыз. Алда қаншама байқаулар бар, бағымды сынамақ ниеттемін. Шығармашылық жолда жаңа альбом, жаңа әндер жазылып жатыр. Алдағы уақытта тыңдармандарды қуанта бермекпіз», — дейді өнерпаз.

Жерлесіміз сайыста халық әні «Екі жиренді», «Қазағым-ай», «Небо на ладони» сынды туындыларды шырқаған.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Публикация от Qazaqstan Media (@qaz_media.kz)

Жалпы, Нариман Жолдасбек «Ақан сері» атындағы облыстық филармониясында 2017 жылдан бері еңбек етіп келеді. Тағы «Melomix» тобында өнер көрсетеді. 

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық оқушылар жазғы демалысын этноауылдарда өткізе алады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x