Солтүстік Қазақстанда баласы өз анасын ұрып өлтірді

СҚО-да 59 жастағы ер адам өзінің қарт анасын ұрып өлтірді. Қайғылы оқиға орын алған күні қария 82 жасқа толған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қайғылы оқиға Тайынша ауданында болған. Оған қатысты ҚР ҚК 99 бабы яғни, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды», — делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, полицейлер бұл отбасын жақсы біледі. Өйткені, ер азамат өз анасын үнемі ұрып-соққан. Бірақ қария бауыр еті баласын кешіріп, ол ескерту не 15-25 тәулікке ғана қамауға алынып, бостандыққа шығып отырған.

Енді ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Еңбек — ел таңдамайды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *