[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/DSC06201-scaled.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында Көрісу мерекесі атап өтілді. Жиналғандар бір-бірін қыстан аман-есен шығып, шырайлы көктемге жетулерімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ақпыз, қара, сарымыз, ағайынбыз бәріміз, демекші бұл күні түрлі этнос өкілдері бір үйдің баласындай көтеріңкі көңіл-күйде мерекені тойлады. Наурыз мейрамының бастауы болған Көрісу мерекесінде жастар жағы ардагерлердің ақ батасын алды. Ал нәзікжандылардың құшағы хош иісті қызғалдаққа толды. Қонақ болып келгендерге тақия таратылды. Кейін барлығы ақ дастархан басына жайғасып, ұлттық тағамдардан дәм татты.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]