Солтүстікқазақстандық жігіт кикбоксингтен әлем кубогының иегері атанды

Солтүстікқазақстандық Данияр Жарасов кикбоксингтен әлем кубогының иегері атанды. 23 жастағы жерлесіміз Венгрияның Будапешт қаласында өңір намысын абыроймен қорғап, алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Турнир 16-19 маусым аралығында Венгрияның Будапешт қаласында өтті. Оған әлемнің 43 елінің 900-ге жуық спортшысы қатысты. Сол сайыста солтүстікқазақстандық Данияр Жарасов 54 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасып, қарсылас шақ келтірмеді.

«Жарыс жоғары деңгейде өтті деп сеніммен айта аламын. Алаңда кездескен барлық қарсыластарымды жеңіп, үздік нәтиже көрсеттім. Бұл ретте жаттықтырушыларымның үлесі зор. Менің ойымша, жеңіске жету үшін талмай еңбектену керек, ешқашан қолды бір сілтеп кетіп қалуға болмайды», — дейді жерлесіміз.

Данияр Жарасов кикбоксингке алғаш рет 14 жасында келген. Бұған достары себеп болғанын айтады. Спорттың осы түрі шапшаңдық пен бәселестікті шыңдайтындықтан, қызығушылығы артып, бүгінгі күнге дейін тастамай айналысып келеді.

«Ендігі кезекте Қазақстан біріншілігіне дайындалатын боламыз. Одан соң Португалияда өтетін әлем чемпионатына қатыспақ ниеттеміз», — деді Данияр.

23 жастағы жігіт қаладағы спорт интернатында жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Сонымен қатар, өзі де сүйікті спортын қатар алып жүр. Данияр Жарасовтың алға қойған жоспарлары ауқымды. Келешекте, Қазақстанның құрметті спортшысы атағын алғысы келеді екен.

Тағы оқыңыз: Есіл ауданында рұқсат етілмеген қоқыс тастау орны жойылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x