Маусымның 23-30 аралығында Әзербайжанның Габала қаласында «Жас құтқарушы» атты халықаралық жарыс өтті. Дүбірлі додада ел намысын қорғаған Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері күміс жүлдеге болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Байрақты бәсекеге бес мемлекеттен келген кіл мықтылар қатысты. Бүгін чемпиондарды болашақ әріптестері қалалық №3 өрт сөндіру бөлімінде сән-салтанатпен күтіп алды. Осы ретте ел намысын неге тек солтүстікқазақстандық жастар қорғады деген сұрақ туындайды. Себебі, жерлестеріміз жыл бойы ел деңгейіндегі жарыстарда жеңімпаз атанған.

Солтүстікқазақстандық жас құтқарушылар халықаралық жарыстан олжалы оралды
Солтүстікқазақстандық жас құтқарушылар халықаралық жарыстан олжалы оралды

«Жарыс үш кезеңнен тұрды. Олар: өрт эстафетасы, кедергілері бар қашықтық және зардап шеккендерді іздеу және құтқару. Чемпион атануға сынық сүйем ғана жетпей қалды», -деді Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушысы Серік Шақабаев.

Бұл жетістік жастарға серпін беретіні сөзсіз. Студенттердің сөзінше, сайыс өте қиынға соққан. Себебі, облыстың ғана емес, бүкіл елдің намысын қорғаған кезде арқаға екі есе жүк түседі екен.

Солтүстікқазақстандық жас құтқарушылар халықаралық жарыстан олжалы оралды
Солтүстікқазақстандық жас құтқарушылар халықаралық жарыстан олжалы оралды

«Жарысқа тыңғылықты дайындықпен бардым. Алғаш рет шетелге шығып тұрмын. Маған қатты ұнады. Сайыста тек Әзербайжан құрамасына ғана есе жібердік. Оның да өзіндік себебі бар. Алаң қожайындары жарыс өткен жерді толықтай біледі», -деді Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті Айдос Орысбек.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық жеткіншектер асфальт үстіне арманындағы қалаларын салды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *