Солтүстікқазақстандық дәрігерлер денесінің жартысы күйіп қалған әйелді қүтқарды. Ақ халатты абзал жандар өмір мен өлім арасында болған тұрғынды аман алып қалу үшін бес күн күресті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға желісіне тоқталсақ, көпбейінді қалалық жедел-медициналық-жәрдем ауруханасына жағдайы ауыр 30 жасар әйел жеткізілді. Ол жертөлені отпен кептіріп жатқан кезде жарылыс болған. Салдарынан нәзікжандының денесінің жартысы күйіп қалған.

Пациент қабылдау бөлімшесіне тоқтатылмай, дереу жансақтау бөлмесіне жеткізілді. Әйел өте ауыр жағдайда болды. Бірақ, аурухананың хирургтары мен терапевттерінің бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында нәзікжанды аман қалды. Білікті мамандар науқастың өмірін аман алып қалу үшін бес күн күресті.

Кейін ол травматология бөлімшесіне ауыстырылды, тиісті ем-дом қабылдады. Әйел ауруханада барлығы 20 күн емделді. Мекемеден шығарар кезде оның жағдайы қанағаттанарлық болып бағаланды. Күйік жаралары тартылып келеді. Бүгінде оның өміріне қауіп жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да үздік волонтерлер анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *