Соңғы қоңырау күні әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді

ҚР Ішкі істер министрлігі мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына үндеу жасады. Соңғы қоңырау күні полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады, деп жазады Qazaqstan Media.

25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары мен түлектер үшін соңғы қоңырау іс-шарасы өтеді. Осыған орай, полицейлер жұмыстарын күшейте түспек.

«Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады», — деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Сонымен қатар ведомство соңғы жылдары мектептерде соңғы қоңырау аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлектер іс-шараларды өз бетінше жалғастырып жатқанын атап өтеді. Осыны ескере отырып, ішкі істер министрлігі ата-аналар мен түлектерді қажетті тәртіп нормалары мен ережелерін сақтауға шақырады.

«Өкінішке қарай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында орын алды. Одан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су айдындарының шомылуға жабдықталмаған жерлерінде жасөспірімдердің суға кету жағдайлары тіркелді. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз», — деп нақтылады ІІМ ресми өкілі.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанға көмекке келген құтқарушылар үйлеріне кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x