SMS арқылы емханаға шақырту: Алаяқтықтың жаңа түрі

Алаяқтар халықты алдау үшін жаңа айла-тәсіл ойлап тапқан. Бұл жолы олар тұрғындарды емдеу мекемелерінің атын жамылып, сан-соқтырып кетуге көшкен, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Алаяқтар тұрғындарды флюорография мен диспансерлеуге жазылуға шақырады. Азаматтан күн мен уақытты таңдауды өтінеді, содан кейін SMS-кодпен жазбаны растауды сұрайды. Осылайша, олар адамның бүкіл жеке деректеріне қол жеткізеді.

«Бұл хабарламалардың мемлекеттік медициналық ұйымдарға ешқандай қатысы жоқ. Флюорографиялық зерттеу тікелей емханаға бару арқылы ғана жүргізіледі және алдын ала жазылуды талап етпейді. SMS-хабарламалар пациенттің жеке нөміріне «1414» номерінен мына кездер келуі мүмкін:

— емхананың дәріханасында пациенттерді жеңілдетілген препараттармен қамту кезінде;

— пациентті ауруханаға жоспарлы жатқызуға қатысты хабарлама;

— емханада дәрігердің қабылдауында пациенттің немесе оның заңды өкілінің қатысуымен мүгедектік тобын анықтау немесе қайта куәландыру үшін 031/е анықтамасын  ресімдеу үшін деректерді өңдеуге келісімге сұрау салу кезінде хабарлама келеді», — дейді Петропавл қалалық №1 емхана директорының орынбасары Лариса Сичкарук.  

Тағы оқыңыз: СҚО-да су тасқыны кезінде өлген мал үшін өтемақы төлене бастады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x