Қазгидромет мамандарының болжуынша, наурыз — мамыр айларында күн әдеттегіден жылы болмақ. Бірақ, солтүстік аймақтарда суық ауа массалары келген кезде қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Синпотиктер жалпы көктем бұрынғыдан 1-2 градусқа жылы болады деп болжап отыр. Бірақ, синоптикалық процестердің жиі өзгеруі салдарынан, табиғаттың тосын сыйлары орын алуы да мүмкін.

«Мысалы, суық ауа массалары келген кезде қар жаууы, солтүстік аймақтарда оған қоса бұрқасын соғуы, ал арктикалық суық ауа келген жағдайда үсік болуы мүмкін. Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа қарқынды келген кезде жаздағыдай ыстық ауа райы болмақ. Мұндай жағдай сәуір және мамыр айларында орын алуы мүмкін. Өткен жылы, мысалы, сәуір айының ортасында республиканың көптеген облыстарында термометр бағаны +22+30°С көрсетті», — деп жазылған Қазгидрометтің ресми сайтында.

Көктемде жауын-шашынның таралуы мынадай болады деп болжануда:
наурыз айында республиканың басым бөлігінде нормадан көп жауын-шашын болады деп күтілуде. Ал Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан өңірінің басым бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде нормаға жуық жауын-шашын түседі деп болжанады.
Сәуір айында Ақтөбе, Қостанай, СҚО-ның басым бөлігінде, БҚО-ның солтүстік-шығысында және Ақмола облысының солтүстік-батысында жауын көп түседі.
Мамыр айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын норма шамасында болады. Тек, БҚО, Ақтөбе, Қостанай, СҚО-ның солтүстік-батысында, нормадан көп түседі деп күтіледі.
Маусымдық ауа райы болжамы ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері бойынша орташа метеорологиялық параметрлердің сипаттамасы болып табылады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да музейлерге кіру қайтадан ақылы болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *