ҚР ІІМ қазақстандықтардан шыршаны заңсыз кесу фактілері туралы хабарлауды сұрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

15 желтоқсаннан тәртіп сақшылары экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған “Шырша” акциясын бастады. Акция барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптары бойынша рейдтер жүргізеді. Оларға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының өкілдері де қатысады.

Полицейлер ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Осы салада табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіштен  150 айлық есептік көрсеткішке  дейін айыппұл қарастырылған. Егер құқыққа қайшы әрекеттермен елеулі залал келтірілсе, онда бұл жағдайда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ, тәртіп  сақшылары шыршаларды немесе басқа қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сатудың немесе тасымалдаудың куәсі болсаңыз, “102” телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.

Тағы оқыңыз:  Алдағы уақытта зейнеткерлер мен студенттер де декларация тапсырады

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *