Солтүстік Қазақстанда тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды. 41 жастағы әйел өзімен бірге тұратын ер адамды пышақтап тастаған. Салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Осыған дейін Qazaqstan Mediа редакциясы Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданына қарасты Восходское ауылында мерекелік отырыс кезінде 46 жастағы ер адам ауылдасын өлтірді деп жазған болатын. Бүгін осы оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұммен бірге тұрған әйел өз кінәсін мойындап, ер адамға пышақ жарақатын салғандығын жеткізген.

«Қазір 41 жастағы келіншек уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел тұрмыстық жанжал кезінде 44 жастағы пәтерлесіне пышақ жарақатын келтірген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал күдікті ретінде ұсталған марқұмның көршісі босатылды.

Тағы оқыңыз: + 5 градус: Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *