Шошқа фермасында мерт болғандардың несиесі өтеледі

Тайынша ауданындағы шошқа өсіру кешенінде мерт болғандардың несиесін кәсіпорын төлеп береді. Бұл жайында өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кеше EMC Agro серіктестігінің шошқа кешенінде 4 бірдей қызметкердің мәйіті табылғанын жаздық. Белгілі болғандай, марқұмдардың екеуі ағайынды екен. Орын алған қайғылы жағдайға қатысты аймақ басшысы Айдарбек Сапаров бірқатар міндеттемелер жүктеді.

«Тайынша ауданының әкімдігі шошқа кешенімен бірге жерлеу рәсіміне қажетті шараларды ұйымдастырады. Кәсіпорын барлық шығынды өз мойнына алуы керек. Сондай-ақ, қаза тапқандардың несиесін жабуы қажет», — деді Айдарбек Сапаров.

Берілген тапсырманы орындау үшін арнайы комиссия құрылды. Жақындарынан айырылған жандарға әлеуметтік, психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның 5 ауданында ірі қарадан бруцеллез анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x