Шілде айында қазақстандықтар қосымша бір күн демалады. Себебі, айдың 6-сы еліміз Астана күні мерекесін тойлайды, деп хабарлайды Qazaqastan Media.

Астана күніне орай қазақстандықтарға қосымша демалыс беріледі. Биыл 6 шілде жексенбіге сәйкес келгендіктен «Мерекелер туралы» заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбі — 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша, тұрғындар қатарынан үш күн, яғни 5 шілдеден 7 шілдеге дейін демалады. Сөйтіп, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар шілде айында 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Ал алты күндік жұмыс кестесімен еңбек ететіндер 5 күн демалады, ал 26 күн жұмыс істейді.

Айта кетейік, Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Араға үш жыл салып, 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы жарлыққа қол қойылады. Сөйтіп, 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола Қазақстанның астанасы құқығын иеленеді. Жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998 жылдың 10 маусымына белгіленді. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде мерекеленіп келген. Алайда кейінірек парламент депутаттары заңға тиісті түзетулер енгізіліп, мемлекеттік мейрамның датасы 6 шілдеге ауыстырылды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да марихуана тасымалдаумен айналысқан алты азамат ұсталды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *