Шетелде жүрген қазақстандықтар референдумға қалай қатысады

Алтыншы қазанда өтетін Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпыреспубликалық референдумға шетелде жүрген отандастарымыз да қатысады. Олар үшін әр мемлекетте 74 референдум учаскесі құрылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстан аумағынан тыс жүрген азаматтардың республикалық референдумға қатысу үшін жағдай жасалған. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланды. Қазақстанның 59 шетелдегі мекемелерінің жанынан 74 референдум учаскесі құрылды.

«Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар, Қазақстан Республикасының азаматтары референдум учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.
ҚР-дың шетелдегі мекемелерінде дауыс беру референдум өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады»,- деп жазылған ҚР СІМ сайтында.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 14 мектеп жабылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x