Шахтадағы апат тұрғындарды көмірмен қамтамасыз етуге әсерін тигізбейді

Қарағанды облысындағы шахтада болған апат облысты көмірмен қамтуға әсер еткен жоқ. Қазіргі кезде өңірде 41 мың тонна көмір қоры бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО энергетика және ТКШ басқармасының мәліметінше, жылыту маусымында өңір тұрғындарына 420 мың тоннаға жуық көмір қажет екен. Қазіргі уақытта қара отынның тек 237 мың тоннасы, яғни 57%-ы ғана дайын.
Облыс бойынша көмір 32 тұйықта сатылады. Бағасы маркасына байланысты тоннасына 12-20 мың теңге аралығында. Мәселен, Екбастұз көмірінің тоннасы 12 мың мен 14 мың теңге аралығында. Шұбаркөл мен Қаражыра көмірі 16-20 мың теңге болса, Майкүбінің тоннасы 13 мыңнан 17 мың теңге аралығында тұрады.

«Қараша айында «Шұбаркөл көмір» АҚ облысқа 250 вагон, яғни 17500 тонна көмір әкелді. Оның 7280 тоннасы Петропавл қаласының тұрғындарына тиесілі. Тағы өңірге 56 вагон қара отын келуі тиіс. Оның 14 вагоны, яғни 1190 тоннасы Петропавл қаласына жеткізіледі», — дейді СҚО энергетика және ТКШ басқармасы.

Тағы оқыңыз:Жаңадан сайланған әкімдерге нақты тапсырмалар берілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x