«Шахмат керуені» Петропавлға келді

Петропавлға «Шахмат керуені» келді. Жобаның басты мақсаты – еліміздің барлық аймақтарында интлеллектуалдық спорт түрін дамыту.  Шара барысында Солтүстік Қазақстан облыстық шахмат федерациясының тұсауы кесіліп, турнир ұйымастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қызылжарлықтар «Шахмат керуенін» әдемі концертпен қарсы алды. Керуеннің идеясына саудамен қатар түрлі халықтардың мәдени және спорттық мұрасын таратқан Ұлы Жібек жолы түрткі болды дейді ұйымдастырушылар. Өңірлік шахмат федерациясының тізгіні облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрмановқа тапсырылды.

«Керуен Көкшетау қаласында басталды. Эстафетаны біз жалғап отырмыз. Солтүстік Қазақстанда 5 мың адам шахматпен айналысады. Оның 3500-і ауыл тұрғындары. Жастардың осы спортпен шұғылдануына жағдай жасауымыз керек. Бүгін ашылып отырған федерацияның басты мақсаты да осы»,-дейді СҚО шахмат федерациясының төрағасы Рүстем Құрманов.

Орталық алаңда киіз үй тігіліп, жылдам шахматтан турнир ұйымдастырылды. 20 ойыншы бағы мен бабын сынға салды. Сайысқа қатысушылардың ең жасы – Ерлан Жақсыбаев. Жасөспірім намысты қолдан бермеуге тырысып бақты.

«Шахмат керуені» Петропавлға келді

 

«Шахматты мен кішкентай кезімнен бастап ойнаймын. Әкем үйреткен еді. Қазір менде 2-ші разряд. «Умка» клубының мүшесімін»,-дейді Ерлан Жақсыбаев.

Турнир қорытындысы бойынша 1-ші орынды Александр Вьюниченко қанжығасына байлады. Екінші орын Олег Убыкинға, ал үшінші орын Диас Данияровқа бұйырды. Үздік деп танылған бұл  үш жеңімпаз 10-шы қараша күні Түркістан қаласында  өтетін кездесуде облыс намысын қорғайды.

«Шахмат керуенінің» келуі – Петропавл қаласы үшін үлкен жаңалық.  Бұған дейін спорттың бұл түріне осынша жағдай жасалған жоқ деп ойлаймын. «Фридом финанстың» қолдауы зор екені сезіліп тұр. Түркістанда кіл мықтылар кездеседі. Намысты қолдан бермеуге тырысамыз.»,-дейді 1ші орын иегері Александр Вьюниченко.

Бұдан кейін Керуен Қостанай, Қарағанды қалаларына аттанады. 30 адамнан құралған топ бір айда 14 мың шақырымды еңсермек. «Шахмат керуені» 10 қарашаға дейін еліміздің барлық өңірлерін аралап шығады. Гранд-финал Түркістан қаласында өтетін болады. Бас жүлдеге 5 млн теңгенің сыйлығы тігіліп отыр.

Тағы оқыңыз:Петропавлдағы үйлердің кейбірі жылыту маусымына дайын емес

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x