Шаруаларға жеңілдетілген дизель отыны кестеге сай жеткізілмей жатыр

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысында егін еккен диқандармен кездесіп, шаруалардың түйткілді мәселелерін тыңдады. Көктемгі науқанның қарқыны мен сапасын көрді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «Қазақпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО-да министр аудандарды аралап, диқандармен жүздесті. Кездесуде шаруалар жеңілдетілген дизель отынын алудың өзгертілген ережелеріне қатысты сұрақтар қойған. Бұл жайында министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Облыстың бұрынғы басшысы ретінде мен аймақтың ауыл шаруашылығы саласының жағдайын жақсы білемін. Облыс бойынша 4,3 млн га егіс алқабының бүгінгі күнге дейін 38,7%-на егін егілді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, фермерлер тәулік бойы еңбек етіп келеді. Себебі, жақсы өнім алудың негізгі факторларының бірі – уақытылы егін егу», — деді Айдарбек Сапаров.

15 мамырдан бастап дизель отынын алуда жаңа ережелер қолданылады. Атап айтсақ, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеке өтінім берудің орнына, рәсімді жеңілдететін енді бірыңғай өтініш қолданылады. Өтініш беру мерзімі 20 күннен 30 күнге дейін ұзартылды. Отын шығынының бірыңғай базалық нормалары алынып тасталды. Енді нормативтер аймақтардың топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып белгіленетін болады.

Министрдің айтуынша, бірқатар өңірде жанармайға сұраныс жоғары, ал жеңілдетілген дизельдік отын жеткізіліп үлгермей жатыр.

«236,4 мың тонна немесе 63% ғана шаруашылық иелеріне жөнелтілді. Осыған байланысты облыс әкімдіктері жанар-жағармайды кестеге сәйкес тезірек жеткізуді қамтамасыз етуі қажет.Сондай-ақ биыл жеңілдетілген несиелеу көлемі 3,2 есеге өсіп отыр. Яғни, несиені 5% мөлшерлемемен 12 айға алуға болады. Демек, фермер күзде арзан әрі тиімсіз бағамен өнімді сатып, кредит жабуға жанталаспайды», — деді Айдарбек Сапаров.

Тағы оқыңыз:СҚО-да жол апатынан бүтін бір отбасы зардап шекті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x