Елордада өтіп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне  Шал ақын ауданының тауар өндірушілері жыл да белсенді қатысады. Олар осы жолы да таза, сапалы табиғи өнімдерін жеткізді. Бұл Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына ұнағаны айдан анық, деп жазады Qazaqstan Media.

«Қазанат» ипподромында қанат жайған жәрмеңке таң сәріден қыза түсті. Арзан әрі таза, табиғи өнім алғысы келген қала тұрғындары мен қонақтырының қарасы қалың. Олар тиімді бағамен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдерін таласа сатып алып жатыр. Шал ақын ауданы бұл жолы жәрмеңкеге бес кәсіпорынның өнімдерін ала келген.

Шалақындық тауар өндірушілер Астанадағы жәрмеңкеге  бірнеше тонна ет пен көкөніс, сүт өнімдерін апарды
Шалақындық тауар өндірушілер Астанадағы жәрмеңкеге  бірнеше тонна ет пен көкөніс, сүт өнімдерін апарды

«Ауданнан біз бір тонна сәбіз, 5,5 тонна картоп әкелдік. Етт ен үш тонна жылқы етін, 15 бас қара мал мен қойдың етін де саудаға шығарып жатырмыз. Сонымен қатар, қала тұрғындары іздеп жүріп сатып алатын сапалы ірімшік, қоспа, қаймақ, сары май, дүкеннің майын әкелдік. Барлығы бір тоннадай болады. Бағалар дүкендегіден әлдеқайда арзан. Экологиялық таза өнім болғасын, халықтың көңілінен шығып, тез сатып алып жатыр»,- дейді Шал ақын ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Тілек Сұраған.

Маңдай термен, адал еңбекпен тапқан өнімдерінің сұранысқа ие болғанына саудагерлер де риза. Сергеевка қаласынан келген Дастан Оспанов санаулы сағаттың ішінде тауарының 50 пайызын сатып үлгердім , деп отыр.

Шалақындық тауар өндірушілер Астанадағы жәрмеңкеге  бірнеше тонна ет пен көкөніс, сүт өнімдерін апарды
Шалақындық тауар өндірушілер Астанадағы жәрмеңкеге  бірнеше тонна ет пен көкөніс, сүт өнімдерін апарды

«Сауда жақсы жүріп жатыр. Біз сәбіз, картоп, қырыққабат және пияз әкелген едік. Барлығы да өтіп жатыр. Бағалары қолжетімді болғасын әрі көкөністер табиғи болғасын сұраныс жақсы. Мысалы пиязды 100 теңгеден сатып жатырмыз. Астаналықтар келіп алып жатыр»,- дейді Дастан Оспанов.  

Астанадағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі жылда ұйымдастырылып, әр өңір өз өнімдерін жеткізеді.Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарынан саудагерлер барды. Белсенді  тауар өндірушілердің арасында шалақындық ауыл шаруашылық кәсіпкерлері алдыңғы сапта.

Шалақындық тауар өндірушілер Астанадағы жәрмеңкеге  бірнеше тонна ет пен көкөніс, сүт өнімдерін апарды
Шалақындық тауар өндірушілер Астанадағы жәрмеңкеге  бірнеше тонна ет пен көкөніс, сүт өнімдерін апарды

Тағы оқыңыз: Тайынша ауданындағы жол апатында зейнеткер көз жұмды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *