Шал ақын ауданында үш фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр

Бір айға жуық уақыт ішінде Шал ақын ауданының әкімі Қайрат Омаров барлық ауылдық округтерді аралап, тұрғындармен кездесті. Кездесулер аясында аудан басшысы ауыл тұрғындарына атқарылған және жоспарланған жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Шал ақын ауданында барлығы 39 елді мекен бар. Олардың барлығын аралап шыққан аудан әкімі Қайрат Омаров елді мекендерде жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерді.

Шал ақын ауданында үш фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр

Шал ақын ауданында үш фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр

Шал ақын ауданында үш фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр

Биыл Ақанбарақ, Мерген және Семиполка ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер салынуда. Тағы бір медициналық мекеме Жаңажол ауылында тұрғызылып жатыр. Оның құрылысына «АЗКО Жаңажол» ЖШС қаржы бөлген.  

Шал ақын ауданында үш фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр

Семиполка ауылындағы ФАП құрылысына 12 маман мен бес жұмысшы тартылған. Тозығы жеткен 40 шаршы метр болатын ескі ғимараттың орнына жаңасы саланып жатыр. Аумағы 140 шаршы метрге дейін ұлғайтылған. Бүгіндері жұмыстар 90 % орындалған. Инженерлік желілер тартылып, қазіргі таңда ғимаратты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысан осы жылдың қараша айында тапсырылады деп жоспарланған.

«Бұрынғы ғимарат 1969жылы салынған болатын. Соны қайта құрып, кеңейттік. Жұмыстар жоспарға сай жүріп жатыр. Белгіленген мерзімде тапсырылады.  Фельдшерлік-акушерлікпункттебесадам жұмыс істейтінболады.Олар680тұрғынғақызмет көрсетеді»,-деді Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округінің әкімі Ринат Есқұлов.

Сондай-ақ Семиполка ауылы арқылы өтетін аудандық маңызы бар жолға қиыршық тас төселуде. Мұндай жөндеу жұмыстары 3-4жылда бір рет жүргізіледі екен. Қиыршық тас жалпы ұзындығы 22 шақырым болатын жол учаскесінде төселуде. Жұмыстар 2024 жылдың мамыр айында басталған. Жоба екі жылға шақталған. Шаруа 95% — ға тындырылды. Мердігер —  «Титан-Север» ЖШС.

«Қиыршық тас төселіп, жол тығыздалды. Қазіргі уақытта инертті материалмен толтыру жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстарына екі автогрейдер, бес жүк көлігі және екі тегістегіш машина жұмылдырылған»,-деді Семипол ауылдық округінің әкімі Ринат Есқұлов.

Жоба құны шамамен 600 млн теңгені құрайды. Тапсырыс беруші — Шал ақын ауданы сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Жұмыстың кепілдік мерзімі екі жылды құрайды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда пышақ жарақатын алған жігітке қан керек

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x