Шал ақын ауданы қай сала болмасын даму үстінде. Биыл диқандары 500 мың тоннаға жуық өнім алған. Сонымен қатар, ауданға 18 миллиардтан астам инвестиция тартылған, деп хабарлайды, Qazaqstan Media.

Биыл Шал ақын ауданының диқандары 243 мың гектар аумаққа дән сіңірді. Оның 152 мыңы — дәнді дақылдар, 92 мыңы — майлы дақылдар. Қажырлы еңбек пен ауа райының қолайлылығының арқасында еңбеккерлер мол көлемде өнім алды.

Шал ақын ауданында диқандар 500 мың тоннаға жуық өнім алды
Шал ақын ауданында диқандар 500 мың тоннаға жуық өнім алды

«Биыл дәнді дақылдар алқабынан 318 мың тонна өнім алдық. Орташа шығымдылық 20 центнерді құрайды. Ал майлы дақылдарға бөлінген жерден 150 мың тонна дән алынды. Мұндағы берекелік — 16 центнер», — деді аудан әкімі Қайрат Омаров.

Биыл ауданда бірқатар инвестициялық жоба жүзеге асты. Екі бірдей серіктестікте жаңбырлатып суару жүйесі іске қосылды. Маңызды бастамаға 2 млн 9 млрд теңге қаржы жұмсалды.

Асыл Фармс» серіктестігі көкеніс сақтак қойманы ашты. Сыйымдылығы 8 мың 400 тоннаны құрайды. Жоба құны — 1 млрд теңге.

«Ауданға 18 млрд 200 млн теңге инвестиция тартылды. Бұл жалпы жоспардың 69 пайызын құрайды», — деді аудан әкімі.

Тағы оқыңыз: Елена Степаненко: «Мамлютканың ауыл атануын халық шешеді»

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *