Шал ақын ауданында асфальт-бетон зауыты іске қосылды

Шал ақын ауданында асфальт-бетон зауыты ашылды. Оның құрылысына 400 млн теңге инвестиция тартылған. Кәсіпорынның жұмысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл егін ору науқаны күрделі ауа райы жағдайында өтуде. Бүгінде облыстағы астық алқаптарының 80 пайызға жуығы орылды. Шал ақын ауданына сапар барысында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Стимул 23» ЖШС егіс алқабында шаруалармен биылғы егін орағы мәселелерін талқылады.

Шал ақын ауданында асфальт-бетон зауыты іске қосылды

Шал ақын ауданында асфальт-бетон зауыты іске қосылды

Өңір басшысы Шал ақын ауданы басшылығының жылыту маусымына дайындығы туралы есебін тыңдады. Сергеев су торабында болып, жөндеу жұмыстарын, электр желілері бар жағалауды нығайту жұмыстарын бақылады.


Ауданда «Гранит Север» серіктестігінің жаңа асфальт-бетон зауыты іске қосылып, жобаға 400 миллион теңге жеке инвестиция тартылды.

«Городецкое ауылы жаңғыруда. Қазір бұл ауылға кіреберіс жол орташа жөндеуден өтуде. Облыс әкімі «Городецкое» шаруашылығының қызметімен танысты. Шаруа қожалығының басшысы Александр Черкас жұмысшыларға үй де салып жатыр», — делінген облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынған ақпартта.

Сонымен қатар, облыс әкімі Ы. Ыбыраев ауылындағы қалпына келген мәдениет үйінде және Жаңажол ауылындағы «АЗКО Жанажол» ЖШС-мен жасалған меморандум аясында ашылған медициналық пунктте де болды. 


Қарттар күні қарсаңында Ғауез Нұрмұхамбетов Шал ақын ауданының аға буын өкілдерімен кездесіп, өңіріміздің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Жылы жүздесу өтіп, қариялар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ауданның одан әрі дамуына ұсыныстарын білдірді.

Шал ақын ауданында асфальт-бетон зауыты іске қосылды

Шал ақын ауданында асфальт-бетон зауыты іске қосылды
Шал ақын ауданының тұрғындарымен кездесуде де сауалдар мен ұсыныстар айтылды. Биыл ауданда бес мектеп пен екі мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді. Кеңес, Бірлік, Крещенка, Жаңажол, Мерген және Жаңаталап ауылдарында су желілерінің құрылысы жалғасуда. Сухорабовка мен Семиполкада ауылішілік жолдар, Кривощеково-Афанасьевка-Садовка учаскесінде жол жөнделді. Жыл соңына дейін Ақанбарақ, Мерген, Семиполка ауылдарында жаңа медициналық пункттер ашылады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да халық саны жыл сайын бір пайызға азаяды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x