Тұрар Оразалин Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып 15 жылға жуық еңбек етеді. Ел ағасы жаңа Конституция жобасын қолдайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Тұрар Оразалин бұған дейін ширек ғасырдан астам уақыт мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеген. Ел ағасы халық арасында сыйлы. Аталған аймақта қариялар мен жастар арасындағы сабақтастықты нығайтуға зор үлесін қосуда.

Тұрар Сейітжанұлы жаңа Конституция жобасын қолдайды. Жаңа құжатпен жақсы таныс. Қазіргі таңда еңбек ұжымдарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүр.

«Жаңа Конституция оң өзгерістерге жол ашады. Әлемдік державаға айналуымызға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, нақты мақсаттарды бекітіп отыр», — деді ардагер.

Шал ақын ауданында 3 мың 600-ден астам зейнеткер бар. Аға буын өкілдері шеттерінен белсенді. Ауданның қоғамдық өміріне етене жақын араласады.

Аға буын өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесуді тоқтатпайды. Аудан халқын 15-ші наурыз күні өтетін жалпыхалықтық референдумға біркісідей қатысуға шақырады.

Тағы оқыңыз: Қозыбаев университетінде күкіртті қайта өңдеу бойынша тың жоба жүзеге асырылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *