Шал ақын ауданының жаңа әкімі барлық ауылдық округтерді аралап шықты

Шал ақын ауданының жаңа әкімі Қайрат Омаров ауылдарды аралап, әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстарымен танысты. Жауапты мамандарға тисті тапсырмалар берді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Шал ақын ауданына жақында ғана әкім болып тағайындалған Қайрат Омаров ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралауды бастады. Ол алдымен, Ақан-барақ ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысын бақылады. Сонымен қатар Ы. Ыбыраев ауылындағы орта мектеп пен К. Салықов атындағы мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының орындалу мерзімі мен сапасын тексерді.

Күрделі жөндеу жұмыстары Новопокровка ауылындағы стадионда да жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың атқарылуы да аудан басшысының назарынан тыс қалмады.

Сондай-ақ Шал ақын ауданының әкімі Қайрат Омаров  қалалық емханада болып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен оларды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылады.

Сергеев қаласын аралау барысында Қайрат Омаров елді мекенді абаттандыру, көгалдандыру және жөндеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.

«Аудан басшысы үш күн ішінде 10 ауылдық округті аралап, негізгі деген жобаларға басымды берді. Ол ФАП құрылысы, мектептерді күрделі жөндеуден өткізу және кентішілік жолдармен елді мекендердегі кіреберіс жолдардың жөнделуін тексерді»,- деп хабарлады Шал ақын ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Шал ақын ауданында екі көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x