Шал ақын ауданының әкімі ауысты

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі, СҚО әкімінің өкімімен Қайрат Омаров Шал ақын ауданының әкімі болып тағайындалды. Осыған дейін ол 6 жыл бойы Мағжан Жұмабаев ауданын басқарған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

45 жастағы Қайрат Омаров Көкшетау облысы Володар ауданы Прекрасный ауылында туған.

«Фемида» Қарағанды заң академиясының Көкшетау филиалын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын экономика бакалавры, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Айыртау ауданы Прекрасный орталау мектебiнде мұғалiм болып бастаған.

2004-2007 жылдар аралығында Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның әдiлет басқармасының жетекшi, бас маманы болып жұмыс iстедi.

2007-2008 жылдар аралығында Айыртау ауданы әдiлет басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды.

2008-2012 жылдар аралығында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша бөлiмiнiң бастығы болды.

2012-2015 жылдары Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң экономика және ауыл шаруашылығы жөнiндегi орынбасары қызметiн атқарды.

2015-2018 жылдар аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болды.

Шал ақын ауданының әкімі ауысты

Ал 2018 жылдың 12 қарашасынан бастап Мағжан Жұмабаев ауданының әкiмi болған.  

Тағы оқыңыз: Петропавлда Абай күніне орай бірқатар іс-шаралар өтеді деп жоспарланған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x