Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Нысан биыл жыл соңына дейін қолданысқа беріледі деп жоспарланған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

27 пәтерлі үйдің  құрылысы осы жылдың  сәуір айында басталған. Қазіргі уақытта жұмыстар 70 пайызға аяқталған. Құрылысқа «Солтүстік Құрылыс» ЖШС жауапты. Жобаның жалпы құны 503 млн теңгені құрайды.

Шал ақын ауданында екі көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

«Биыл біздің ауданда екі көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Қазір 27 пәтерлі үйдің үшінші қабатында монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Бұл баспаналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезекте тұрған азаматтарға берілетін болады», — деді Шал ақын ауданы ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рүстем Марқасарин.

Ал 24 пәтерлі екінші үйдің құрылысы маусым айында басталған. Оған да «Солтүстік Құрылыс» компаниясы жауапты. Жобаның құны 350 млн теңгені құрайды. Тұрғын үй халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға берілетін болады.

«24 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары қазіргі уақытта 30 пайызға орындалды. Екі нысанда биыл жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарлануда», — деді Шал ақын ауданы ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рүстем Марқасарин.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Шал ақын ауданы бойынша 320 тұрғын баспана кезегінде тұр.

Тағы оқыңыз: Петропавл жолдарын жөндеуде ANT технологиясы қолданылып жатыр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x