Шал ақын ауданында домбыра күні кеңінен аталып өтті. Аудан өнерпаздары облыстық «Күмбірле күй — Домбыра!» облыстық челледжін Айыртау ауданынан қабылдап, М. Жұмабаев ауданының өнерпаздарына жолдады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ұлттық домбыра күні — 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретіне тойланып келеді. Домбыра жер бетінде кеңінен таралған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. Қазақ халқы үшін домбыра – ұлттық аспап қана емес, қазақтың жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі. Домбыра – халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізген сенімді серігі. Ұлттық домбыра күні Шал ақын ауданында да кеңінен аталып өтті. Бұл күні аудан тұрғындары мен  ардагерлерінің назарына «Күмбірле күй — Домбыра!» – атты концерттік бағдарлама ұсынылды.

«Шал ақын ауданында жыл сайын қазақтың ұлттық аспабы — домбыра күні аталып өтіледі. Бұл күні біздің аудан өнерпаздары домбырамен күй орындап, түрлі қазақи әндер де шырқады. Концерттік бағдарламаға аудандық мәдениет үйінің  өнерпаздары қатысты», — деді  Шал ақын ауданының орталықтандырылған клуб жүйесі директорының міндетін атқарушы Татьяна Володина.

Шал ақын ауданында домбыра күні аталып өтті

Тұрғындарға концерттік бағдарлама ұнады. Оны  көрермендердің ыстық ықыласынан-ақ аңғаруға болады. Бұл — қазақтың дәстүрлі музыкасымен танысу ғана емес, сонымен қатар еліміздің мәдениеті мен ұлттық болмысындағы домбыраның маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік беретін ерекше күн.

«Ұлтымыз ұлық тұтқан домбыра қазақ халқымен ежелден бірге жасап келеді. Төрт мың жылдай тарихы бар домбыраның қоңыр үні кім-кімді де тамсандырмай қоймайды. Қашанда қазақ пен домбыра егіз, екеуінің де біртұтас ұғымға айналып кеткеніне тарих куә. Сол қасиетті қара домбыраның күмбірлеген үні талай қазаққа рух береді. Халқымызға қиындықта сүйеу, қуанышта көңіл қанаты болған, қоңыр үні – қанымызда, сарыны – санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін!Ұлттық домбыра күні құтты болсын!», — деді Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов.

Шал ақын ауданында ұйымдастырылған бұл іс-шараның мақсаты,  өскелең ұрпақты жастайынан дәстүрлі өнерге тәрбиелеу.

Тағы оқыңыз:Петропавлда ыстық су тамыз айына дейін болмайды

 

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x