Азық-түлік алуға ғана шыққан жас отбасы араға санаулы минут салып, күлге айналған үйіне қайта оралды. Шал ақын ауданының Арай ауылында орын алған өрт жас отбасының бар өмірін бір сәтте күл-талқан етті. Үймен бірге тұрмысқа қажетті барлық дүние, жиһаз, техника, құжаттар – бәрі отқа оранды. Ең сорақысы, олар баспанасыз қалды, деп жазады Qazaqstan Media.

Қайғылы жағдай 2 қаңтар күні сағат 13:12-де болды. Екі пәтерлі үйдің 60 шаршы метрді құрайтын бір бөлігі толықтай жанып кетті.

«Күйеуіммен және екі баламмен дүкенге шыққанбыз. Бар болғаны жеті минут өтті. Көшеден де ұзап үлгермедік. Артымызға қарасақ, үйімізден қою түтін шығып жатыр екен. Күйеуім жүгіріп барды, бірақ бәрі кеш болды», – дейді көз жасын тыя алмаған Мария.

Мария небәрі 23 жаста. Қызылжар ауданының Шаховское ауылынан келін болып түскен. Жас ана екі баланы тәрбиелеп отыр. Үлкені – екі жас сегіз айлық, кенжесі – әлі алты айға да толмаған сәби.

Отағасы ауылда токта еңбек етеді, ал Мария бала күтімімен үйде отырған. Отқа оранған үйді жас жұбайлар маңдай терімен сатып алған. Енді сол шаңырақтан түк қалмады. Қазір олардың барар жері, басар тауы жоқ.

Жас отбасы кез келген көмекті үмітпен күтеді.

Қолдау көрсетем деушілер үшін реквизиттер:

Карта: 4400 4303 8824 7055

Телефон: +7 747 226 63 49

Алушы: Мария-Моника З.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр сымдарының ақауынан шыққан болуы мүмкін. Дегенмен төтенше жағдайлар қызметі өрттің нақты себебін әлі ресми түрде жариялаған жоқ. Оқиға орнына үш арнайы техника мен сегіз құтқарушы жұмылдырылды. Өртті сөндіруге жергілікті шаруа қожалығы да атсалысқан.

Тағы оқыңыз: 2026 жыл — Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *