Шал ақын аудандық ауруханасында 32 млн теңгенің заң бұзушылығы анықталды

Шал ақын аудандық ауруханасында жүргізілген аудиторлық тексеріс барысында қыруар қаржының тиімсіз жұмсалғандығы анықталды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы тексеру комиссиясының отырысында белгілі болды,  деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Отырыс барысында облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Тимур Тұрсынов Шал ақын аудандық ауруханасында жүргізілген аудиторлық тексерістің қорытындыларын жариялады. Және де ол көңіл көншітпейді. Емдеу мекемесінде 32,2 млн теңгенің заң бұзушылықтары анықталған.

«Аталған соманың 15,7 млн теңгесі қаржылық бұзушылыққа жатады. Оның 507,2 мың теңгесі өтеліп, 8,6 млн теңгесі қалпына келтірілуі тиіс. Сондай-ақ тексеріс қаржының 8,5 млн теңгесі тиімсіз жоспарланғанын және 8,1 млн теңгесі тиімсіз жұмсалғандығы анықталды. Рәсімдерді орындау тәртібінің 36 бұзушылығы және екі кемшілігі тіркелген», — деді Солтүстік Қазақстан облысы тексеру комиссиясының мүшесі Тимур Тұрсынов.

Айтпақшы, 2019 жылы да емдеу мекемесінде аудиторлық тексеріс жүргізілген. Сол кезеңмен салыстырғанда анықталған бұзушылықтардың сомасы төрт есе өскен. Ол кезде 8,5 млн теңге болатын. Ал қаржылық бұзушылықтар екі есе артқан. Бес жыл бұрын бұл сома 7,7 млн теңгені құрады.

Осыған дейін Qazaqstan Media редакциясы Шал ақын аудандық ауруханасында мерзімі өтіп кеткен дәрілер анықталғандығын жазған болатын.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 25 мамырда соңғы қоңырау соғылмайды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x