Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы аумағындағы «Двойники» кен орнында заңсыз пайдалы қазба өндіру фактісі анықталып, тоқтатылды. Бұл туралы облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы хабарлады. Онда заңсыз қиыршық тас өндірілген, деп жазады Qazaqstan Media.

Қиыршық тас өндіру бойынша ақпаратты нақтылау кезінде қарапайым азаматтар да көмектескен. Тексеру барысында белгісіз тұлғалардың рұқсатсыз табиғи қиыршық тасты өндіріп келгені белгілі болды. Заңсыз әрекеттер арнайы рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырылған.

Прокуратура тексеру жүргізу үшін сертификатталған маркшейдер маманды тартып, өндірілген пайдалы қазбаның көлемін нақтылады. Нәтижесінде 3,9 мың текше метр  табиғи шағал тастың заңсыз өндірілгені анықталып, мемлекетке келтірілген залал сомасы 7,3 миллион теңгені құрады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 334-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментіне жолданды.

Сонымен қатар, Афанасьевка ауылында, аталған «Двойники» кен орнынан алыс емес жерде сыртқы сипаттамасы бойынша сол кен орнында өндірілген табиғи тасқа ұқсас тағы 5,5 мың м³ пайдалы қазба қоры табылды. Оның келтірген залал сомасы шамамен 10,7 миллион теңгені құрады.

Қазіргі таңда құқық бұзушыларды анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу барысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бақылауында.

Тағы оқыңыз: СҚО-да Есіл ауданы Бірлік ауылында ауқымды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *