Шал ақын ауданынан келген мехбригадалар су басқан 11 үйді жөндеп бастады

Былғары зауыты ауданындағы су басқан 11 үйді қалпына келтіру жұмыстары жүрігізіліп жатыр. Оларды жөндеуге Шал ақын ауданынан келген мехникалық бригада кіріскен, деп жазады Qazaqstan Media  тілшісі.

Шал ақын ауданының мехникалық бригадасы Былғары зауыты ауданына үшінші мамыр күні келіпті. Барлығы 47 жұмысшы. Оған қоса, қажетті техника да жеткізілген. Оның ішінде су соратын мотопомпалар, КАМАЗ, тиегіш көліктер де бар. Қазіргі кезде мехбригадалардың көмегімен су астында қалған 11 баспананың жөндеу жұмыстары басталыпты. Жалпы Шал ақын ауданының мамандары  Былғары зауыты ауданындағы Заозерный көшесі 30 мекенжайынан бастап Л. Чайкина көшесі 7 мекенжайына дейінгі аралыққа жауапты. Яғни, осы аумақтағы барлық нысандарды қалпына келтіруге көмектеседі.

Шал ақын ауданынан келген мехбригадалар су басқан 11 үйді жөндеп бастады

«Біз жауапты аумаққа 75 нысан кіреді. Оның ішінде 27 пәтер барак үлгідегі үйлерде орналасқан. 20 үйде әлі су тұр. Қазіргі кезде біздің жұмысшылар 11 баспананың қалпына келтіруге кірісті. Оларда бағалау жұмыстары жүргізіліп, техникалық бақылау комиссиясының шешімі шығарылған. Жалпы 23 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілу керек еді. Бірақ жеті үйдің иелері жұмыстарды өз күштерімен істемек ниетті.  Біз алдымен үйлердегі суды сорып, кептіреміз. Сосын тазалаймыз. Кейін ғимараттарды жөндеуге кірісеміз. Егер үйді комиссия апатты деп тапса, онда баспана иесі қалалық әкімдікке барып құжаттарын реттестіреді», — деп нақтылады Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Арман Дүйсенбинов.

Ауданнан келген жігіттердің жұмысына тасқын судан зардап шеккен тұрғындар риза. Айтуларынша, жігіттер өз жұмыстарына тиянақты қарап, үй иесімен ақылдаса шешім қабылдайды екен. Былғары зауыты ауданының тұрғыны Андрей өз баспанасын 2014 жылы тұрғызыпты. Үйін су басқан ол қазір отбасымен пәтер жалдап тұрып жатыр. Бірақ күнде келіп өзі салған үйдің жағдайын қарап кетеді.

«2017 жылы болған тасқын кезінде үйге су кірген жоқ. Биыл су кіріп, оның деңгейі бір метр 80 см дейін жетті. Техникалық  бақылау, мүлікті бағалау жұмыстары жүргізілді. Үйді қалыпқа келтіруге болады деп шешім шығарылды. Шал ақын ауданынан келген жұмысшылар көмектесіп жатыр. Жігіттер жұмыстарына жауапты. Таң атқаннан қара кешке дейін осында жүреді. Еденнің кейбір тақтайлары жарамсыз болып қалған. Терезелерді, есіктерді ауыстыру қажет. Бірақ алдымен баспана ішін кептіріп алу керек. Жұмыс күзге дейін жалғасатын секілді», — дейді Былғары зауыт ауданының тұрғыны Андрей.

Биыл бұрын-соңды болмаған табиғи апат болды.  Сергеев су қоймасындағы су деңгейі рекордтық көрсеткішке дейін көтерілді. Біраз елді мекендер су астында қалды. Дегенмен, тасқын су Шал ақын ауданына айтарлықтай, шығын келтірмеген. Мұнда тоғыз үйге ғана су кірген. Оның өзінде еденнен 10-15 см ғана көтерілді.

«Үйлеріне су кірген азаматтар 16-шы сәуірде бір реттік жәрдемақыны алды. Тұрғындар эвакуациялық пунктерде  4-5 күн ғана болып, үйлеріне оралды. Олардың баспаналарына айтарлықтай зиян келген жоқ», — деді Арман Дүйсенбинов.

Шал ақын ауданынан келген мехбригадалар су басқан 11 үйді жөндеп бастады

Шал ақын ауданынан келген мехбригадалар су басқан 11 үйді жөндеп бастады

Тағы оқыңыз: «Жағдайы ауыр»: Петропавлда жүрегі ұстап қалған жүргізуші қарсы бағыттағы көлікпен соқтығысқан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x