Алдағы екі жылда Шалқар-Имантау курорттық аймағының жолы жөнделеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Кездесу барысында Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО әлеуметтік потенциялы жоғары әрі бесекелестікке қабілетті өңірлердің бірі екенін айтып өтті. Алайда өңірдегі туристтік аймақтардың инфрақұрылы көңіл көншітпейтінді.
«Айыртау, Ғ. Мүсірепов атындағы аудандардың кейбір жолдарын қалыпқа келтіріп жатырмыз. Дегенмен бұл мәселе әлі де өзекті болып отыр. Ол жерлерде 48 туристік нысан орналасқан. Шалқар-Имантаудың жолы өте нашар. Сондықтан ол жерге ешбір инвестор қызығушылық танытпайды. Алайда бұл мәселені шешпекпіз. Алдағы жылға жоспарымыз дайын», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов
Облыс әкімінің сөзінше, алдағы екі жылда Шалқар-Имантау курорттық аймағының инфрақұрылымы ретке келтіріледі. Оған екі мрлд-қа жуық қаражат бөлінген.
Тағы оқыңыз:СҚО-да республикалық маңызы бар жолдардың 20 % жөндеуді қажет етеді