Тұтынушыға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді беруден бас тартқан  «Севказэнергосбыт» ЖШС айыппұл төлейтін болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің хабарлауынша, монополист компаниядан тиісті қызметті ала алмаған тұрғын ведомствоға өтініш түсірген. Онда тұтынушы «Севказэнергосбыт» ЖШС-ның көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты беруден бас тартқаны туралы баяндаған. Ал бұл «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 12-тармақшасын бұзу болып табылады.

«Нәтижесінде «Севказэнергосбыт» ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорынға 6 291 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», — делінген жазбада.

Тағы оқыңыз: Өрт кезінде бүтін бір отбасынан айырылдық: СҚО әкімі алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *