«Серпін» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Биыл «Серпін» бағдарламасына мемлекеттен 3 903 грант бөлініп отыр. Аталмыш бағдарламамен оқуға түскен түлектер, грант берілген өңірде жұмыс істеуі тиіс еді. Енді бұл ереже өзгерді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Серпін» бағдарламасымен оқуға  түскен студенттер осы уақытқа дейін, білім алған өңірде жұмыс істеуге міндетті болатын. Енді бұл талап өзгеріп отыр. 

«Серпін» бағдарламасы іске қосылған кез келген өңірде жұмыс істей алады. Неге? Себебі еңбек нарығы өзгеруде. Бізде еңбек нарығы қажеттіліктерін анықтайтын механизмдер нақты емес, проблемалар бар», — деді Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 

Министр сондай-ақ кадр даярлауда сапаға мән беретін уақыт келгенін айтты.  Сонымен қатар ведомство басшысы егер түлек «Серпін» бағдарламасының міндеттемелерін орындамаса, онда ақшаны кері қайтаруға міндетті екенін еске салды. 

Айта кетейік, биылдан бастап «Серпін» арқылы тек қана 5 облыстағы ауыл балалары грантқа түсе алады.   Аталмыш жобаның басты мақсаты – еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр тапшылығын көріп отырған аймақтарда оқытып, білікті мамандар даярлау. 

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданында тасқыннан зардап шеккен үйлерді бағалау аяқталуға жақын

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x