Петропавл қалалық полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Енді шаһардағы тәртіпке Серік Әлжанов жауапты болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жаңа басшысы жеке құрамға СҚО ПД бастығы Абай Жүсіпов таныстырды. Серік Әлжанов полицияда 23 жыл бойы еңбек етіп келеді. Оның 13 жылында жоғары лауазымдық қызметте болған. Осы тағайындауға дейін СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасын басқарды.
Шарада СҚО ПД бастығы Абай Жүсіпов жаңа басшыға сәттілік тіледі.
Тағы оқыңыз: Тегін кітап оқимын деп алданып қалмаңыз: Алаяқтар жаңа тәсіл ойлап тапты

