Сергеев су қоймасы ернеуінен асты. Бір тәулік ішінде нысандағы су деңгейі 5 см-ге көтерілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Былтыр көктемде Сергеев су қоймасының үстімен аққан судың деңгейі 4 метрге жетті. Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған. Кейін су біртіндеп кеткенімен, қыс бойы бөгет толып тұрды. Ал көктем келіп, қар ерігелі, су қоймасы ернеуінен асып, бүгіндері су деңгейі 7 см-ге көтерілген.

Ал Петропавлдағы су торабында бір тәулікте су 3 см-ге көтерілді.

«Тоқсан би ауылыныың маңында Есіл өзені бір тәулікте 33, Крещенкада 16,  Покровкада 106, көтерілсе, Новоникольск ауылының маңында 5, Долматовода 6 см-ге көтерілген. Ақжар ауданындағы Ленинградское ауылының маңындағы Шат өзені де су деңгейі артып келеді. Бір тәулік ішінде +127 см-ді көрсеткен», — делінген Қазгидромет РМК СҚОФ ұсынған ақпаратта.

Есіл ауданы Корнеевка ауылының маңындағы Тораңғұл көлінде су деңгейі бір тәулікте 2 см-ге көтеріліп, қауіпті межеге жақындап келеді.

Ал осы уақытқа дейін су деңгейі күн сайын көтеріліп келген Тайынша ауданындағы Шағалалы өзенінде, керісінше су деңгейі төмендеген. Бір тәулік ішінде су 34 см-ге түскен.

Тағы оқыңыз: Есіл ауданында колледж студенттері ұлттық киімдер көрсетілімін өткізді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *