23–29 тамыз аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясында ұйымдастырылған «ШЫҰ кездесуі — жүректің үні» халықаралық мәдени іс-шарасы өтуде. Онда Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан ерекше өнер ұжымы – «Sensitive» би театры өнер көрсетеді, деп жазады Qazaqstan Media.
Солтүстікқазақстандық би ұжымының маңызды саммитте өнер көрсетуіне Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетіп отыр. Олар 27 тамыз күні фестиваль сахнасында билейді. Бұл – еліміздегі есту қабілеті шектеулі жандардан құралған жалғыз би ұжымы. Олармен бірге сахнада есту қабілеті төмен балалардан құралған «Кішкентай дельфиндер» хоры да өнер көрсетеді.
Олардың бірлескен қойылымы – жай ғана өнер туындысы емес. Бұл – рухтың күші, тең мүмкіндіктер мен шекарасыз өнер тілі туралы әсерлі үндеу.
Тағы оқыңыз: Петропавлда №1 қалалық емхана ұжымы Конституция күніне орай мерекелік жүгіру ұйымдастырды