Сенаторлар Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып жатқан жағдайлармен танысты

СҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті сенатының депутаттары Петропавлдағы «Халық банктің» филиалына барды. Сенаторлар мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарға қалай қызмет көрсетілетінін тексерді. Жалпы өңірде 25 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар, деп хабарлайды  Qazaqstan Media тілшісі.

Сенаторлар Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып жатқан жағдайлармен танысты

Петропавлдағы «Халық банкінің» сервис орталығы  2018 жылы ашылған. Мұнда тұрғындарға 11 маман қызмет көрсетеді. Айына 3500-ге жуық тұрғын жүгінеді.  Банк қызметкерлері күніне 240 адамды қабылдайды. Олардың 10-ға жуығы мүмкіндігі шектеулі жан.

Сенаторлар Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып жатқан жағдайлармен танысты

«Қазір сенат депутаттары өңірлерді аралап, ол жерлердегі жағдаймен танысып жүр. Біз кешеден бері бірнеше мекемеге барып, жергілікті депутаттармен де, өңір активімен де кездестік. Мүмкіндігі шектеулі спортшылармен де тілдестік. Бүгін міне, банк филилына да келіп отырмыз. Жалпы мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамнан тыс қалмауы керек. Оларға барлық қызмет түрі қолжетімді болуы тиіс. Бұл банк филилалында барлық жағдай жасалыпты. Бұл өзгелерге үлгі болуы керек», – деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Ләззат Қалтаева.

Тағы оқыңыз:Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жалғасуда

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x