Петропавлда жыл соңында 280 орынға шақталған зәулім балабақша қолданысқа беріледі. Халық игілігіне салынып жатқан нысанның құрылысы сапалы жүргізілуі тиіс. Сол мақсатта облысқа жұмыс сапарымен арнайы келген Сенат өкілі Ольга Перечина және Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода атқарылған жұмысты бағамдады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жоба құны — құны 1,9 млрд теңге. Қаражат заңсыз шығарылып, мемлекет меншігіне қайтарылған активтер есебінен бөлінген. Айта кету керек, мектепке дейінгі мекеме қолданысқа берілгеннен кейін облыс орталығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 97 пайызға жетеді.

Сенат және Мәжіліс депутаттары 280 орындық балабақшаның құрылысын бақылады
Сенат және Мәжіліс депутаттары 280 орындық балабақшаның құрылысын бақылады

Тәлім мен тәрбие ордасында 12 топ болады. 2 жастан 6 жасқа дейінгі жеткіншектер білім алады. Нысанды «Основание» серіктестігі салуда. Директоры Сергей Тимофеевтің сөзінше, құрылыс жұмыстарына ауа райынан басқа ешқандай кедергі жоқ. 6 айдың ішінде атқарылған жұмыс халық қалаулылары көңілінен шықты

«Сапар барысында Ойқала ықшам ауданындағы жандандыру жұмыстарымен танысамыз. Университет түлектерімен кездесеміз. Одан қалды, қала тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдаймыз», -деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркебұлан Мәмбетов.

Мемлекетке қайтарылған қаражат ел игілігіне жұмсалуы қажет. Депутаттар бөлінген әр тиын тиімді жұмсалғанын қалайды. Облыс орталығында жаздың қысқа екенін ескерген халық қалаулылары серіктестікке жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.

Сенат және Мәжіліс депутаттары 280 орындық балабақшаның құрылысын бақылады
Сенат және Мәжіліс депутаттары 280 орындық балабақшаның құрылысын бақылады

Тағы оқыңыз: Петропавлда зейнеткер моншада қайнаған суға күйіп қалған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *