Саябақта жарақат алған 5 бала амбулаторлық жағдайда ем қабылдауда

Саябақта жарақат алған 5 баланың жағдайы жақсы. Олар медициналық тексерістен кейін бірден үйлеріне жіберілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Халықаралық балаларды қорғау күнінде саябаққа барып, ауруханадан бір-ақ шыққан. 1-ші маусым кешкілік уақытта дәрігелердің көмегіне 5 жеткіншек жүгінген. Оның үшеуі жедел-жәрдем көлігімен жеткізілсе, қалғандарын ата-аналары апарған. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматолог-ортопеды Шыңғыс Нұрғалиевтың сөзінше, балалар жеңіл дене жарақатын алған. Көбісінің денесі жырылып, көгерген. Ауыз қуысы мен иек жағына зақым келгендрі де бар. Алайда, алаңдауға себеп жоқ.

«Бізге жүгінген балалардың барлығының жағдайы қанағаттарлық деңгейде болды. Аса қатты қауіп төнген жоқ. Түгеліне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үй жағдайында емделуге жіберілді. Зардап шеккен балалардың жасы 3 пен 12 жас аралығында. Жалпы, жаз мезгілінде осындай жарақаттар саны арта түседі. Сондықтан, солтүстікқазақстандықтарды барынша сақ болуға шақырамыз», — деді Шыңғыс Нұрғалиев.

Тағы оқыңыз: Ер адамдарға неліктен алтын тағуға болмайды?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x