Петропавлдық құтқарушылар бес жасар бүлдіршінге көмек көрсетті. Ойын баласы саусағын пластмассадан жасалған ваннаның тесігіне тығып, шығара алмай қалған, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға туралы құтқарушыларға бес жастағы баланың анасы хабарлаған. Айтуынша, ұлы пластмассадан жасалған ваннадағы тесікке саусағын тығып, ала алмай қалған.
«Құтқарушылар анаға мамандар келгенше баланың саусағындағы ісікті азайтуға кеңес берді. Ал жедел түрде мекенжайға жеткен құтқарушылар шанц құралының көмегімен ваннаны кесіп, баланың саусағын босатты», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Баланың саусағы ісіп кетсе де, дәрігерлердің көмегі қажет болмаған.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл тұрғынынан 500 литрге жуық спирт өнімі тәркіленді