Сауалнама қанша адамның АЭС салуды қолдайтынын көрсетті

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2024 жылғы 7-18 тамыз аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі АЭС салуды қолдайды, деп жазады Qazaqstan Media.

Сауалнамаға барлығы 1200 респондент қатысты. Олар  17 облыс және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан тұрғындары.

Жалпы, сауалнамаға қатысқандардың 53,1% АЭС салу идеясын қолдайды. АЭС салу идеясын қолдайтындар оған үлкен үміт артады, соның ішінде 2030 жылға қарай электр тапшылығы мәселесі шешіледі деп сенеді.

АЭС салу идеясының қарсыластары 32,5% негізінен ықтимал апаттар мен олардың қоршаған ортаға тигізетін зардаптарына алаңдаушылық танытады.

Сонымен қатар әрбір оныншы респондент өз таңдауын әлі жасамаған.

«Сондай-ақ, респонденттердің жартысы 51,0% өздерін АЭС құрылысына қатысты референдумда «қолдау» немесе «қарсы» деп дауыс беру үшін жеткілікті ақпарат пен білім деңгейіне ие деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың тағы 12,2%-ы толық емес ақпаратқа ие екенін мойындайды. 31,6%-ы мүлдем ешқандай ақпаратқа ие емес, ал 5,2%-ына жауап беру қиынға соқты»,- деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты.

Сауалнама барысында респонденттердің 42,6%-ы АЭС салу мәселесі бойынша референдумға қатысуға толыққанды ниет білдірді. Тағы 16,4%-ы қатысу мүмкіндігін айтты. Ал, 25,3%-ы референдумға қатыспауды жоспарлайды, 8,9%-ы шамасы қатыспайды, ал 6,8%-ы жауап беруге қиналды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан балалардың қатысуымен 55 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x