[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/20161116144848.jpg» title_text=»20161116144848″ align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы жақындаған сайын әр нәзікжанды мерекелік ас мәзірін ойластырады. Осы ретте, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары өнімнің жарамдылық мерзіміне, түр-түсіне, иісіне, жалпы тұрған жерінің санитарлық жағдайына аса мән беру керектігін еске салады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Азық-түлікті таңдай білудің де маңызы зор. Яғни, рұқсат етілмеген сауда орындарынан, не кездейсоқ адамдардан алынған өнім денсаулыққа қауіп төндіруі әбден мүмкін. Әсіресе, сүт, ет, жұмыртқа, көкөніс, кондитерлік тауарларды сатып аларда сақ болу қажет. Майонез және қаймақ қосылған салаттарды тұтынарда абай болған жөн. Бұдан бөлек, ұшынып қалмас үшін ас үйдегі тазалық ережелерін сақтаған абзал.
«Үйде мерекелік тағамдарды дайындаған кезде, ең алдымен, қолдың, ас үй жабдықтарының, үй-жайлардың тазалығын қадағалаңыз. Шикі тағамдар мен дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз, оларды өңдеу үшін бөлек пышақтар мен әртүрлі кесу тақталарын қолданған дұрыс. Жаңадан дайын болған тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырудың қажеті жоқ», — дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы Гүлнұр Омарова.
Гүлнұр Омарова етті, құсты, жұмыртқаны және теңіз өнімдерін, не мерекелік тағамдарға арналған басқа да ингредиенттерді қуыру, қайнату кезінде дұрыс температуралық режимді сақтауды естен шығармауға кеңес береді. Яғни, тағамды мезгілінен бұрын немесе, керісінше кеш пісірудің өзіндік нормасы бар.
«Бәліштер мен құймақтарға арналған тартылған ет, қайнатылған ет немесе ет өнімдері қолданар алдында қайта термиялық өңдеуден өтеді. Дайын тартылған ет 2 сағат ішінде қолданылады. Суық тағамдарды дайындау үшін пайдаланылатын шикі көкөністер мен шөптер термиялық пісірусіз сапалы жуылады, содан кейін ағынды сумен шайылады және кесер алдында кептіріледі», — дейді Гүлнұр Омарова.
Ас үйдегі осындай қарапайым сақтық ережелерін ұмытпасаңыз түрлі аурулардың алдын алып, денсаулықты нығайтуға болады.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]