[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/B7A8A256-E69D-4305-90CB-547292D20EC0.jpeg» title_text=»B7A8A256-E69D-4305-90CB-547292D20EC0″ align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Сабақ барысында оқушылар мен педагогтердің ұялытелефон қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралыАшық” НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, “ҚазАқпаратхалықаралық агенттігіне сілтеме жасап.

«Білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшінжауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктеледі», — деп жазылған.

 Сонымен бірге, жаңа өзгеріске сәйкес мектептің ішкі тәртібіне қарама-қайшы әрекет жасаған оқушылар, олардың ата-анасына немесе заңды өкіліне ескертпестен мектептен шығарылмайды.

«Білім алушы теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкітәртіп қағидалары талаптарын бұзған кезде оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ ата-анасының немесе өзгеде заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейді. Білім беру ұйымы ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді қажет болғанжағдайда оларды білім беру ұйымына шақыра отырып, болған жағдай туралы хабардар етеді және тиісті шаралар қабылдайды», — делінген құжатта.

 Бұған қоса, сабақ кезінде қажеттілік болмаған жағдайдапедагог пен оқушыға ұялы телефон қолдануға тыйым салынады.

«Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақтарда мобильді  байланыс құралдарын пайдаланбайды», — деп өзгеріс енгізілген бұйрыққа.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамада жоғарыда аталған ережелер жоқБұйрық 28 наурызға дейін көпшіліктің талқылауында болады.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *