Жаз мезгілі бастала сала тұрғындар арасында саңырауқұлақтан улану жағдайлары жиілейді. Бұл кезде адамның жүрегі айнып, іші өтеді, бойын мазасыздық билейді. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары саңырауқұлақтан уланбас үшін не істеу қажеттігімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ең алдымен саңырауқұлақты дұрыс таңдай білу керек. Егер қайсысы қандай екенін ажырата білмесеңіз, онда орманға барғанда жаныңызға бұл істе тәжірибесі бар адамды ерткен жөн. Өйткені, улы саңырауққұлақты жеп қойсаңыз арты қайғылы аяқталуы ммкін. Сонымен қатар, автомобиль жолдарының бойында өсіп тұрғандарын терудің еш қажеті жоқ. Санитар мамандар шикі саңырауқұлақтың дәмін татып көруге болмайтығын да еске салады.

«Кішкентай балаларға саңырауқұлақ беріп керек емес. Өзіңіз теруге бармасаңыз, кез келген адамнан саңырауқұлақ алмаған абзал. Оның қайдан терілгенін, қандай түрі екенін білмейсіздер ғой. Асқорыту жүйесінің аурулары бар адамдарға саңырауқұлақтан бас тартуға кеңес береміз. Бұл ағза үшін қауіпті», — дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің маманы Гүлшат Асылбекова.

Адам жеуге жарамды саңырауқұлақты дұрыс пісірмегеннен де ауырып қалуы мүмкін екен. Оған алкогольдік ішімдік қосып дайындау немесе спиртті сусынмен ішу бойдағы токсиндердің көбеюіне әкеледі.

«Саңырауқұлақты сақтаудың да ережелері бар. Жаңадан терілген көкөністің өзін тоңазытқышта бір күннен артық сақтауға болмайтынын ұмытпаңыздар. Ал тұздалып, маринатталғаны 1 жылға дейін тұра береді. Саңырауқұлақтан ұшынғандарыңызды мына белгілерден біле аласыздар: жүрек айнып, құсу, іш өту. Әдетте, алғашқы белгілер 1,5-2 сағаттан кейін біліне бастайды», — деді Гүлшат Асылбекова.

Саңырауқұлақтан уланған жағдайда үйде жатпай, бірден дәрігерлердің көмегіне жүгіну керек.

Тағы оқыңыз: Балаларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x