Түркістан облысында «Қазақтың Құрманбегі» атты I республикалық театр фестивалі өтті. Өнер жарысында С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры бас жүлдені еншіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Фестиваль 11-16 қазан аралығында ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — театр ұжымдары арасындағы шығармашылық байланысты арттыру, ұлттық театр өнерін дамыту. Сонымен қатар, Құрманбек Жандарбековтың өмірі мен өнердегі мұрасын кеңінен насихаттау.
Фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 13 театр ұжымы қатысты. Көрермен назарына тарихи және заманаум тақырыптағы қойылымдар ұсынылды. Жергілікті өнер ұжымы «Мөлдір махаббат» туындысын сахналап, бас жүлденң жеңіп алды.
«Шараға ұзақ дайындалдық. Еңбегіміз бағаланғанына қуаныштымын. Биылғы театр маусымында бес премьераны көрермен назарына ұсынуды жоспарлап отырмыз», — деді С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі Дәурен Тойбазаров.
Тағы оқыңыз: СҚО әкімі Жамбыл ауданында өлкетану музейін ашуды тапсырды